Жаңалықтар

Атырау облысында «Дәрігерлерге мың алғыс» акциясы басталды

ашық дереккөзі

Атырау облысында «Дәрігерлерге мың алғыс» акциясы басталды

«Jas Otan» жастар қанаты Атырау облыстық филиалының төрағасы Ринат Ғилажевтың айтуынша, акцияның мақсаты – 4 айға жуық уақыттан бері қауіпті індетпен күресіп жүрген дәрігерлерге алғыс айту. Қайырымдылық шарасы аясында еріктілер 500-ден астам денсаулық себетін дайындаған. Аталған көмек аудандарға да жеткізіледі. Бүгін еріктілер 100 дәрігерге алғыс себетін тапсырды. Себетке иммунитетті нығайтуға арналған өнімдер салынған. «Жаһанды шарпыған COVID-19 індеті ешкімді бейжай қалдырған жоқ. Әсіресе, алдыңғы шепте қызмет етіп жүрген ақ халатты жандарға оңай емес. Оларға ризашылығымызды білдіреміз. Соның дәлелі ретінде бүгін азық-түлік салынған себетті ұсындық», – дейді «Jas Otan» жастар қанаты Атырау облыстық филиалының төрағасы Ринат Ғилажев.