Қашықтан жұмыс істейтін қызметкердің жарық пен интернет шығынын жұмыс беруші төлейді

Қашықтан жұмыс істейтін қызметкердің жарық пен интернет шығынын жұмыс беруші төлейді

Қашықтан жұмыс істейтін қызметкердің жарық пен интернет шығынын жұмыс беруші төлейді
ашық дереккөзі
ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Тінікеев жұмыс беруші қашықтан еңбек ететін қызметкерлерін қажетті байланыс құралдарымен қамтамасыз етуі керегін мәлімдеді. ҚазАқпараттың жазуынша, «Кәсіподақтар көмегі және кәсіпорындарда карантиндік шаралардың сақталуын бақылау» тақырыбында ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатына қатысушыларға: «Пандемия басталғанда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қашықтан жұмыс істейтін қызметкерлер электр жарығымен, интернетпен және жұмыс қажеттіліктерімен қамтылуы керектігін мәлім еткен еді. Алайда бұл тәртіп ешқайда сақталмай келеді. Бәрі де өз қаражатымен қашықтан жұмыс жүргізіп жатыр. Бұл жағдай еңбек құқығының бұзылғанын білдіре ме?» деген сұрақ қойылды. Бұл сұраққа ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Тінікеев жауап берді. «Сөзсіз бұл – еңбек құқығының бұзылғанын білдіреді. Өздеріңіз білетіндей, Еңбек кодексіне түзетулер енгізіліп, оның 138-бабының 2-ші тармағында «жұмыс беруші қашықтан еңбек ететін қызметкерлерін қажетті байланыс құралдарымен қамтамасыз етуі керектігі» жазылған. Егер қызметкер өзінің байланыс құралдарын пайдаланатын болса, онда жұмыс берушілер сол агрегатқа керекті қосымша құрылғылардың бәрін беруі тиіс. Жұмыс беруші интернет үшін де, электр жарығы үшін де төлеуі керек. Бұл мәселенің бәрі тараптардың келісуімен шешіледі», – деді ол.