Ерболат Досаев – «Қазақстанның инвестициялық қорын» басқарады

Ерболат Досаев – «Қазақстанның инвестициялық қорын» басқарады

Ерболат Досаев – «Қазақстанның инвестициялық қорын» басқарады
ашық дереккөзі
Астанада «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басшысы Ерболат Досаевтың төрағалығымен холдингтің еншілес ұйымы «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің отырысы өтті. Отырыстың күн тәртібінде бірқатар мәселелер қаралды. Мәселен, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы болып «Бәйтерек» холдингінің басқарма төрағасы Ерболат Досаев сайланды. Сонымен қатар Директорлар кеңесінің комитеттерінің құрамы сайланды. Отырыс барысында 2016 жылдың 1 тоқсанындағы жұмыс қорытындылары бойынша ішкі аудит қызметінің есептері қарастырылып, 2016 бірінші тоқсанындағы жұмыстың қорытынды нәтижелері туралы есеп пен ішкі аудит қызметінің стратегиялық жоспары мақұлданды. Сонымен қатар, Директорлар кеңесінде  2015 жылға Даму жоспарының орындалуы туралы есеп қарастырылып, «Қазақстанның инвестициялық қоры» АҚ-ның 2014-2018 жылдарға арналған түзетулер енгізілген даму жоспары бекітілді.