16 Шілде, 18:44 579 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Карантин: көшеде маскасыз жүргендерге 83 мың теңге айыппұл салынады

Алматыда тұрғындар маскасыз жүрген жағдайда 83 мың теңге айыппұл салынады. Қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қай жағдайда айыппұл салынатынын түсіндірді.

«Біздің байқауымызша, көп адам маскасыз жүреді. Көшеде де маска тағу шарт. Себебі, инфекция ауа тамшылары жолмен де жұғады. Мониторинг тобы көшеде көп адамның ортасында маскасыз жүрген адамды көрсе айыппұл салуы мүмкін», – деді Бекшин.

«Айыппұл 83 мың теңге. Егер адам 1 аптаның ішінде төлеген болса, 41 мың теңге төлейді. Бұл біздің көптеген ескертуімізден кейінгі қолға алынатын шара. Барлық билборд, қоғамдық көліктерде ескерту жасалған», – деді ол.

Соңғы жаңалықтар