16 Шілде, 17:54 450 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

COVID-19: антиденені анықтайтын ауқымды зерттеу жүргізілмек

ҚР ДСМ Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Тимур Сұлтанғазиев коронавирус бойынша тесттен өткізу мәселелері жайлы жаңалықтармен бөлісті.

«Осы айдың маусымынан бері вирус жұқтырғандардың артуын есепке ала отырып, біз тестілеудің өзіндік амал-әдістерін қайта қарадық. ЖРВИ және пневмония секілді аурулар анықталған жағдайларға басымдық бере бастадық. Азаматтардың өз талап-тілегімен зерттеуден өтуі кезінте белгілі бір дефициттің болғанын білеміз. Ақылы негізде – жеке немесе мемлекеттік зертханаларда да солай болды. Қазақстанда қазіргі уақытта басқа елдерден қарағанда тест көп мөлшерде жүргізіледі», – деді ол.

Комитет төрағасы Үкімет резерві арқылы отандық және шетелдік тауар өндірушілерден тағы 1,2 млн ПТР-тест жүйесі сатып алынғалы жатқанын еске салды.

Сонымен қатар Тимур Сұлтанғазиев Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірге коронавирус бойынша антиденелерді анықтауға байланысты зерттеу жүргізгелі жатқанын айтып өтті.

«Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірге эпидемиологиялық зерттеуді жүргізу жоспарда бар. Зерттеу маңызын ескере отырып, Антиденелерді зерттеу жұмысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің қаулысына, диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамасына енгізілген», –деді ол.

Соңғы жаңалықтар