Жаңалықтар

Магистратураға өтініштерді қабылдау мерзімі ұзартылды

Магистратураға өтініштерді қабылдау мерзімі ұзартылды

Карантиндік шаралардың күшеюіне байланысты магистратураға кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштерді қабылдау 19 шілдеге дейін ұзартылды. Магистратураға кешенді тестілеу 1 тамызда басталып, 15 тамызға дейін жалғасады. Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініш қабылдауды ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының сайты арқылы ЖОО-ның қабылдау комиссиялары жүргізеді. Кешенді тестілеудің қорытындысы бойынша куәлік электронды түрде тестіленушінің жеке кабинеті арқылы беріледі. Магистратурада оқуға білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін өтініштерді қабылдау 16-20 тамыз аралығында жүзеге асырылады.