Жаңалықтар

Қазақстандық инвестор итальяндық ірімшік өндіреді

ашық дереккөзі

Қазақстандық инвестор итальяндық ірімшік өндіреді

Алматы облысында «Ақсұт LLC» ЖШС компаниясының қазақстандық инвесторлары ірімшік өндіру бойынша жаңа инвестициялық жобаны іске асыруды жоспарлап отыр. Мамандардың айтуынша, бұл жабдық дәстүрлі итальяндық «Моцарелла», «Азиаго», «Рикотта», «Качетта» және «Grana Padano Пармезан» сияқты жұмсақ және қатты ірімшіктерді шығаруға мүмкіндік береді. Өндіріс Нидерландтық Голштино-фризкалық тұқымды 1 200 бас ірі қара малы бар сүт фермасының негізінде ұйымдастырылады. Жыл соңына дейін пайдалануға берілетін жобаның құны 700 млн теңге, бұл қосымша 10 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді. Ферма күн сайын 15 тоннаға дейін сүт өндіреді, ал жобалық қуаттылыққа шығумен көлемі 30 тоннаға дейін артады. Компания жоғары сапалы сүт өндіреді және өнімді Dannon ЖШС зауытына өткізеді. «Ғылым, мал азығын өндіру, ветеринария және асыл тұқымды табынды өсіру жөніндегі даму институттарымен ынтымақтастық компанияның өндіріс қалдықтарын қайта өңдеу және кәдеге жарату, сүт өндіру процесін ғылыми негізде қадағалау, малды күту, асыл тұқымды мал басының репродукциясы, ветеринарлық бақылау бойынша перспективалық жобаларды дамытуға мүмкіндік береді. Бұл сондай-ақ ірімшік өндіру бойынша жаңа жобаны жүзеге асыруға көмектесті», – деп атап өтті компания басшысы Елжас Сембай. Инвестордың айтуынша, бұл жобаны жүзеге асыру өндіріс циклін тұйықтауға мүмкіндік береді. Осылайша, өзінің ауыспалы егіс айналымында 2 500 мың га ауыл шаруашылығы алқабында компания өз жемін дайындайды, ал жоғары технологиялық жабдықтар сүт өндіру процесін автоматтандыруға және бақылауға мүмкіндік береді.