Жаңалықтар

"Демалыс дегенді ұмытыңыздар!"

ашық дереккөзі

"Демалыс дегенді ұмытыңыздар!"

Өткен аптада Үкіметтің кеңейтілген отырысын өткізген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елі­міз­дегі эпидемиологиялық ахуал­дың бақылаудан шығып кет­кенін сынға алып, министрлер ка­бинетінің жұмысына шүй­лік­ті. Өздеріне жүктелген мін­дет­ті тиісті деңгейде атқара ал­маған әкімдерді де аяған жоқ. Президент індетке қатыс­ты жағдайды жақсарту үшін Үкіметке екі апта уақыт берді. Егер осы уақыт аралығында ел­дегі ахуал оңалмаса, ми­нистр­лер кабинетінің осы құ­рамда жұмыс істеу мүмкіндігі туралы мәселе туындамақ. Қасым-Жомарт Тоқаев дәл осы­лай деді. Президенттің пікірінше, Денсаулық сақтау министрлігінің бұрын­ғы бас­шы­лығы уақыттың жеткілікті болғанына қара­мастан, ко­ронавируспен күресте тиіс­ті деңгейде әзірлене алмаған. Қа­был­данған шараларды халыққа түсіндіру жұмыс­тарын­да да ол­қылық көп. «Үкіметтің және әкімдердің қоғам пікірімен тиісті деңгейде жұ­мыс істей алмай отырғаны байқалды. Бас санитар дәрі­гердің пікі­ріне ешкім құлақ асқан жоқ. Кәсіби дағды мен ұйымдастыру жұ­мысы жеткіліксіз болды. Нәтижесінде, біз гу­манитарлық көмек алып, шетелдік ма­мандарға кеңестері үшін алғыс айтып отыр­мыз», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Мемлекет басшысы Денсаулық сақтау ми­нистрлігінің жұмыс тәсілдерін жиі өз­гертуін де сынға алды. Бұрынғы бас­шы­лық­тың аяқ астынан нау­қастарды симптомды жә­не симптомсыз деп бөлу туралы шешім қа­былдап, кейіннен бұл әдістемеден бас тар­туы халық арасында күмән туғызғаны жа­сырын емес. Ведомствоның науқастар са­ны мен өзге де көрсеткіштер бойынша жа­саған болжамдарының ақиқаттан әл­де­қайда алшақ болуы елдің көңіліне күдік ұя­латты. Қасым-Жомарт Тоқаев әкімдердің жұ­мысына да көңілі толмайтынын жеткізді. «Әкім­дердің көпшілігі жұмысын тиісті дең­гейде атқарған жоқ. Үкімет те бақыламады. Жіберілген қателіктер мен олқылықтарды анық­тайтын арнайы комиссия құру қажет. Бұл комиссия қазіргі ортақ жұмысқа кедергі жасамай, тексеріс жүргізіп, маған ұсыныс беруі керек» , – деді Пре­зидент. Кесірлі кеселмен күресте шенділер ха­лық­пен байланыс орнатуды жолға қой­ма­ғанын Мемлекет басшысы 29 маусымда өт­кен коронавирустың таралуына қарсы ша­ралар қабылдау жөніндегі кеңесте де жетер жеріне жеткізіп айтқан. «Дер кезінде хабарлап, тиісті шаралар қа­былдауға көп нәрсе байланысты. Бас­тап­қы кезеңде бұл жұмыстар жақсы ұйым­дас­тырылды. Бірақ мемлекеттік органдар соң­ғы кезде бұл істі босаңсытып жіберді. Ко­ронавирус бойынша үш ай бұрын ар­найы құрылған Республикалық комму­ни­ка­циялық орталық қазіргі уақытта іс жү­зінде жұмыс істемейді. Осыған сәйкес, бү­гінде бірыңғай нақты ақпараттар дерегі жоқ. Індетке қарсы күресте жауапты ше­неу­ніктер теріс ақпарат беріп, халықты одан әрі адастырады. Ең жаманы осы. Әкімдер мен министрлер қарапайым халықпен бай­ланыс орнатуды қойды. Олардың арыз-ша­ғымдарына дер кезінде жауап бермейді. Сон­дықтан тұрғындардың көпшілігі қайда бара­рын білмей, торығуда», – деген еді Пре­зидент. Қасым-Жомарт Тоқаев сол жиында жұ­мы­сына салғырт қарағаны үшін бірқатар ше­­неунікке сөгіс жариялап, тағы бірне­шеуі­не ескерту жасаған. Атап айтқанда, Шым­кент қаласының әкімі М.Әйтенов, Ақтөбе об­лысының әкімі О.Оразалин, Павлодар об­лысының әкімі Ә.Сқақов және Ве­домствоаралық комиссияның төрағасы Е.Тоғ­жанов Президенттен сөгіс алса,  Нұр-Сұлтан қаласының әкімі А.Көлгіновке, Ал­маты қаласының әкімі Б.Сағынтаевқа, Цифрлық даму, инновациялар және аэ­роғарыш өнеркәсібі министрі А.Жұма­ға­лиевке ескерту жасалды. Президент Атырау, Қостанай және Батыс Қазақстан об­лыс­тары­ның әкімдеріне де өңірлердегі ахуалды реттеу қажеттігін ескерткен еді. Алайда одан нәтиже шыққан жоқ. Қателіктер дер ке­зінде түзетілмеген соң, Мемлекет бас­шысына шенділермен басқаша сөйлесуге тура келді. «Осымен жаздың жартысы өтті. Ми­нистрлер, әкімдер, Президент әкімшілігінің қызметкерлеріне ешқандай еңбек дема­лысы жоқ. Өйткені төтенше жағдай орын алып отыр. Демалыс деген сөзді ұмытыңыз­дар», – деді Президент Үкіметтің кеңейтіл­ген отырысында.

Досмұхамбетов дертті ауыздықтай ала ма?

Мемлекет басшысы белгілеп берген уақытқа дейін елдегі ахуалды оңалту үшін министрлер кабинетіне де, әкімдерге де бі­раз терлеуге тура келеді.  Әсіресе, Махам­бет Досмұхамбетов ұйқыны ұмытаты­ны анық. Өйткені ол басқаратын өңір – Атырау облысы коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны жөнінен республика  бойынша «көш бастады». Бүгінде өңірде ін­детке шалдыққандар саны 8 мыңға же­теғабыл. Қатерлі вирустан облыста 13 адам көз жұмды. Аймақ тұрғындарының эпи­де­мио­логиялық ахуалға қатысты шағымы кө­бей­ген соң, өткен аптаның соңында Үкімет бас­шысының орынбасары Ералы Тоғжанов Атырау облысына шұғыл жетті. Вице-премьер өңірдегі індетпен күреске жауап­ты­ларды тегіс жинап, жиналыс өткізді. Ералы Тоғжановтың дерегінше, облыс­тағы індеттің негізгі ошақтары  – Атырау қаласы мен Жылыой ауданы. Осы екі жерде қауіпті індетке шалдыққандар барлық нау­қастың 85 пайызын құрап отыр. Ал пнев­мо­нияның 2 174 жағдайы тіркелген. Соңғы екі айда аймақта жедел медициналық жәр­дем қызметін шақыру 2 есеге өскен. Аталған деректер Үкіметті шұғыл шаралар қабыл­дау­ға мәжбүрледі. Індеттің одан әрі та­ралуын тоқтату үшін облыста карантин кү­шейтілді.  Біріншіден, Атыраудан Алма­тыға, Ақтөбе мен Маңғыстауға темір жол қатынасы тоқтатылды. Екіншіден, мейрам­ханалар мен дәмханалар, асханалар мен қоғамдық тамақтану орындары, азық-түлік емес дүкендер үйге жеткізу режимімен ғана жұмыс істеуге көшті. «Үшіншіден, полиция департаменті және облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті отбасылық шара­ларды өткізуге салынған тыйымның сақ­талуын қадағалап, оны бұзғандарды анық­тауды қамтамасыз етуі тиіс. Төртін­шіден, Энергетика министрлігі жергілікті атқару­шы органдармен вахталық жұмысқа ке­летіндерді үш күн бұрын тұрғылықты мекен­жайында ПТР-тесттен өткізуі керек. Бұл тапсырманың орындалуына жұмыс берушілер жауапты болады. Бесіншіден, Атырау облысының әкімдігі дәрі-дәрмекпен қамту мәселесін шешуі қажет. Өңірдегі, соның ішінде Жылыой ауданындағы карантиндік шектеу шараларының сақталуын бақылауға алуы керек. Мобильді топтардың санын 120-ға жеткізу, коротакси қызметін ұйымдастырып, жеке клини­каларды науқастарды емдеу ісіне тартуы қажет» – деді Ералы Тоғжанов. Сондай-ақ Денсаулық сақтау министр­лігіне арнайы тапсырмалар жүктелді. Оның ішінде Атырау облысын медициналық кадрлармен қамтамасыз ету мәселесі де бар. Облыс әкімдігінің дерегінше, қазіргі уақыт­та Атырауда пандемиямен күреске 1 429 дәрігер маман жұмылдырылған. Десе де, өңір ауруханаларында медицина маман­дарының жетіспеушілігі айқын аңғарылып отыр. Аймақта 278 дәрігер жетіспейді. Облыстың кадрлық әлеуетін нығайту мақ­сатында ведомствоаралық комиссияның ше­шімімен өңірге 108  жоғары білікті ма­ман жіберілетін болды. Делегация құра­мында бас мемлекеттік санитар дәрігердің басшылығымен тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау комитетінің 5 маманы, клиникалық кафедралардан – 10 ғалым, «Батыс Қазақстан медицина университеті» КЕАҚ клиникасынан –  9 резидент, сондай-ақ ресейлік 6 дәрігер болады.  Басқа өңір­лер­де интернатура мен ординатурада білім­дерін жетілдіріп, тағылымдамадан өтіп жүрген 122 атыраулық жас маманды ін­дет­пен күреске жұмылдырылу көзделіп отыр. Мемлекет басшысы облыстағы дәрі-дәр­мек тапшылығын да жедел шешуді тап­сырған болатын. Өткен аптаның соңында Атырауға Алматыдан екі рейспен  дәрі-дәрмек жеткізілді. Сондай-ақ Үндістаннан да індетті емдеуге арналған препараттар әке­лініп, аудандарға таратылды.  Бұдан бөлек, Түркістан, Маңғыстау, Қызылорда облыстары, Шымкент қаласы Өзбекстаннан дәрі жеткізуді қамтамасыз етпек.

Сағынтаевтың ендігі сенері – Арена

Алматыдағы жағдай да күннен-күнге ушығып барады. 13 шілдедегі дерек бойын­ша, қалада 7 591 адам коронавирус жұқтыр­ған. Індеттен 54 науқас көз жұмды. Шаһар­дағы эпидемиологиялық ахуалдың кері кеткені үшін Президенттен ескерту алған Бақыт­жан Сағынтаевтың жарғақ құлағы жас­тыққа тимей жүр. Қаладағы провизор­лық төсек-орын жетіспеушілігі, дәрі-дәрмек тап­шылығы мәселелерін шешудің қамымен әуре. Әкімнің дерегінше, Алматыдағы жұқ­палы аурулар стационарларына күнделікті 100-ден астам адам келіп түседі. Инфек­ция­лық ауруларды емдейтін мұндай меке­ме­лердің жүктемесі бүгінде 85 пайызға жет­кен. Орын жетіспеушілігі мәселесін шешу үшін 1 қыркүйекке дейін жұқпалы және уақытша ауруханалардағы орынды 6 мың төсекке дейін арттыру міндеті тұр. Бүгінде Halyk Arena кешенін госпитальға айнал­дыру бағытындағы жұмыстар қызу жүріп жатыр. Дайындық жұмыстарын арнайы ба­рып қадағалаған шаһар басшысы ауру­хана науқастарды жақын арада қабыл­дай­тынын мәлімдеді. «Halyk Arena-да 1 мың орынға арналған ста­ционар ашылады. Соның ішінде реани­мациялық 60 орын ашылады. Дайындық барысында санитарлық қауіпсіздіктің ең қатаң талаптары ескеріледі. Таза және лас аймақтарға арналған шлюздер мен түнел­дер, желдету және залалсыздандыру жүйе­лері орнатылды. Кезең-кезеңімен ме­ди­циналық жабдықтар орнатылады. Дәрі­гер­лік бригадалар дайындалуда. Жақын арада бұл жер алғашқы пациенттерді қабылдай­ды», – деді Бақытжан Сағынтаев. Сондай-ақ жақында Жарбосынов атын­дағы урология ҰО-ы базасында 150 орынға арналған инфекциялық стационар ашыл­мақ. Қоғамдық денсаулық сақтау басқар­масы орналасқан ОҚК корпусында, жұқ­палы аурулар ауруханасында да қосымша орындар ашу көзделген. Бұдан бөлек, №4 перзентхананың жаңа ғимаратын пайда­лануға беру жұмыстары жеделдетіледі. Психоневрологиялық орталықтағы құры­лыс та аяқталуға жақын. Бір айдан кейін бұл жер жұқпалы аурулар стационарына айналады. Осы аралықта басқа да нысандар, атап айтқанда, қонақүйлер, шипажайлар мен жатақханалар дайын болады. «Қабылданған шаралардың арқасында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес қажетті орындар резерві құрылатын болады», – деп қала әкімі індеттің таралу қарқынынан сескенген тұрғындардың күпті көңілін аз да болса жайландырды. Алматылықтардың алаңдаушылығын тудыр­ған тағы бір мәселе – дәрі-дәрмек тап­шылығы. Маусымның соңы, шілденің басында дәріханаларда сағаттап кезек күт­кен жұрт басқаны былай қойғанда, дене қызуын түсіретін қарапайым дәрілерді тап­пай сенделген еді. Бақытжан Сағын­таев­тың айтуынша, қазір қалада дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Фарминдустрия өкілдері­мен жиын өткізіп, мегаполиске дәрі-дәрмектерді жеткізу мәселесін талқылаған шаһар басшысы келіп түскен дәрілердің дәріхана сөрелеріне дер кезінде қойылуын, дәрі бағасының негізсіз қымбаттауына жол берілмеуін тапсырды. Өткен аптада қалаға Ресейден пре­парат­­тардың ірі партиясы келеді. Шамамен 55 тонна дәрілік заттар, соның ішінде коро­навирусқа қарсы препараттар – ыстықты түсіретін дәрілер және антикоагулянттар бар. Шілде айының соңына дейін Алматыға әлеуметтік маңызы бар дәрі-дәрмектердің 4,2 млн қаптамасы әкелінбек. Қала әкім­дігінің дерегінше, дәріхана желілері және дистрибьюторлық компаниялармен қол қойылған меморандум аясында Алматының барлық аудандарындағы 105 дәріханаға өте қажет препараттардың 41 түрі тұрақты жеткізілуде. 1 шілдеден бастап дәріханалар әлеуметтік маңызы бар 581 мың дәрі-дәр­мек қаптамасын алған. Бүгінде 105 дәріхана мен жеткізушілердің қоймаларында 1,8 млн қаптамадағы қажетті  дәрі-дәрмектер бар. Десе де, қала басшылығы мұнымен шектел­мей, дәрі-дәрмектің тұрақты қорын жасау жөніндегі жобаны қолға алды. Дәрі-дәрмек жеткізушілерді 6-8 ай мерзімге пайызсыз несиелендіру үшін 5 млрд теңге бөлінді. Бақытжан Сағынтаевтың айтуынша, бұл – дәрі-дәрмектерді ағымдағы баға бойынша сатып алып, нарықтың құбылмалы жағ­дайы­на байланысты біртіндеп пайдалануға беру үшін жасалған шара.

Көлгінов кадр тапшылығын қалай шешеді?

Елімізде коронавирус жұқтырғандар саны жөнінен Алматыдан кейінгі үшінші орынға бас қаламыз жайғасқан. Маусым­ның соңында елордада індет күрт өршіп, коронавирус және пневмониямен күн сайын 400-ге жуық адам ауруханаға жат­қызылған еді. Кесірлі кесел қаладағы жедел жәрдем қызметіне айтарлықтай салмақ түсіріп, тұрғындардан аптасына 28 мың өтініш түскен-ді. Мамандардың айтуынша, бір тәулік ішінде шақыртулар саны 4,5 мыңға дейін жеткен. Дегенмен карантин жа­рияланып, шектеу шаралары күшейтіл­гелі қаладағы эпидемиологиядық ахуал біршама оңалып келеді. Жедел жәрдем стансасына хабарласушылар саны біршама азайып, күніне шамамен 2 мыңға жуық қоңырау қабылдануда. Наурыз айында карантин басталған уақытта елордада індет жұқтырғандарды қабылдайтын тек қана үш стационар болса, бүгінде олардың саны 13-ке жеткен. Ал про­визорлық төсек-орындар саны 1 мың­нан 3 700-ге дейін көбейді. Алайда бүгінде қала­дағы емдеу мекемелерінің 87 пайызы толған. Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов егер эпидемиологиялық жағдай өзгерген жағдайда, қосымша мыңнан астам орын ашылатынын айтты. Қала әкімдігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы бағытта жүйелі жұмыстар жүргізуде. Соңғы күндері Ұлттық ғылыми медициналық орталық базасында 240 төсек-орынға арналған инфекциялық стационардың жеке блогы ашылды. №1 көпбейінді аурухана жұқпалы аурулар стационарына толығымен қайта жабдық­тал­ған. Ramada Plaza қонақүйі базасында 500 қосымша төсек-орын орналасқан. Сондай-ақ коронавирус жұқтырған жүк­ті әйелдер үшін қосымша перинаталдық орталық ашылды. Ал пневмониямен ауы­ратын науқастарды емдеумен айналысатын медициналық мекемелердің саны 1-ден 7-ге дейін артты. «Эпидемиологиялық ахуал асқынған жағ­дайда біз тағы 1,5 мың орынға резерв дайындадық. Ұлттық кардиохирургия ғы­лыми орталығы базасындағы жатақхана мен қонақүй науқастарды қабылдай алады. Сонымен қатар төтенше жағдай кезіне дайындалған қосымша нысандар бар. Ол үшін арнайы жабдықталған 800 медици­налық төсек сатып аламыз. Алдағы күндері қалаға 200, 500 флоуметрлерден тұратын 50 өкпені жасанды желдету аппараты, 500 оттегі концентраторлары, компьютерлік томографтың екі жиынтығы келіп түседі. Осы айда қосымша 15 өкпені жасанды желдету аппараты алынды», – деді қала әкімі Алтай Көлгінов. Ал маман тапшылығы мәселесі оқу орындарының түлектерін көмекке тарту арқылы шешілмек. «Қазір бізде 3 500 дәрігер бар. Сонымен бірге, 8 мыңға жуық медбике жұмыс істеп жүр. Әрине, бүгінде дәрігерлерге үлкен сал­мақ түсуде. Осыған байланысты біз Ден­сау­лық сақтау министрлігімен арнайы жос­парды бекіттік. Сол жоспарға сәйкес, оқу орындарының түлектері көмекке тарты­ла­тын болады», –  деді елорда әкімі. Биыл астанадағы медициналық кол­ледждерді 270 студент тәмамдаған. Олардың барлығы дипломын алып, арнайы дайын­дықтан өтті. Бүгінде жас мамандар­дың біразы дәрігерлерге көмектесуге кірісіп кеткен. Сонымен бірге, медициналық ака­демияның түлектері де жұмысқа жұмыл­дырылатын болады. Ақтөбе облысында да індетпен күреске медициналық оқу орындарының түлектері індетпен күресте алғы шепте жүрген дәрі­герлер қатарына қосылды. Бүгінде өңірде 2 800-ге жуық медицина қызметкері кесірлі кеселге шалдыққандарды емдеуде. Сонымен бірге 100-ден астам оқытушы-профессор қызметке кірісті. Ал Маңғыстау облысының емдеу ме­кемелеріндегі кадр тапшылығы мәселесін шешу үшін аймаққа Ресейден және елі­міздің өзге өңірлерінен 56 маман аттанды.  Атап айтқанда, 42 дәрігер-интерн, Ресейден 9 маман және М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінен 5 ғалым жіберілді. Аталған мамандарды облысқа алдыру үшін  Серікбай Трұмовтың тікелей араласуымен аталған мамандарды облысқа алдыру бойынша жұмыстар басталып кетті.  Коронавирус жұқтырғандар және пневмонияға шалдыққандар саны көбейген өңірдегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға енді сол мамандар күш салмақ. Оларды аймаққа алдыру үшін біраз тер төккен облыс әкімі Серікбай Трұмов алыстан ат арытып келген ақ халат­тыларға үлкен үміт артып отыр. Жағдай ушығар болса, әкім халықтан да, Прези­денттен де алғыс алмасы анық.