Оңтүстіктегі 7-8 баласы бар отбасы екі баласын неге солтүстікке жібермейді?

Оңтүстіктегі 7-8 баласы бар отбасы екі баласын неге солтүстікке жібермейді?

Оңтүстіктегі 7-8 баласы бар отбасы екі баласын неге солтүстікке жібермейді?
ашық дереккөзі
2016 жылғы 11 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында Қазақстан Республикасының Премьер-министрі К.Мәсімовтің қатысуымен «Жұмыспен қамту-2020 жол картасы» бағдарламасы шеңберінде еңбек ұтқырлығын арттыру бойынша мәжіліс өтті.  қатысты. Мәжілісте жұмыс күші мол өңірлерден еңбек ресурстарын солтүстік өңірлеріне көшіру мәселелері кеңінен талқыланды. Обыс әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстан облысынан облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков атқарылған жұмыстар жөнінде таныстырып, Оңтүстік Қазақстан облысынан солтүстік өңірлерге қоныс аударуға 900-ге жуық отбасы ниет білдірсе, жыл басынан бері 70-тен астам отбасы қоныс аударғанын жеткізді. Сонымен қатар, аталған жұмыстарды реттеуге бағытталған заңнамаларға өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар айтылып, Қазақстан Республикасы Премьер-министрі тарапынан қолдау тауып, тиісті құзырлы органдарға нормативтік-құқық тық актілерді өгерістер енгізу арқылы сәйкестендіру тапсырылды. Осы тұрғыда белгілі саясаттанушы, жер реформасы жөніндегі комиссияның ұйымдастырушылық жұмыс тобының және «Ұлт тағдыры» қозғалысының жетекшісі Дос Көшім бізге берген сұхбатында былай дейді. «Әсіресе, солтүстік облыстарда, орыстілді аймақта халықтың өсімі күрт төмендеп кетіпті. Бос жатқан жер көп. Риддерде арнайы тұрғын үйлер салынып, Оңтүстік өңірден отбасылар көшіп келіп жатыр екен. Бұрын 9 пайыз қазақ болса, соңғы барған кезде 13 пайызға өсіпті. Мұндағы жерді игеретін адам жоқ. Мемлекет арнайы бағдарлама жасаса, сол жаққа баратын адамдарды бес жыл салықтан босата ма, не болмаса мұғалім, дәрігерлер екі есе көп жалақы беру керек пе, бір жолын қарастыру керек. Бұрын кеңес үкіметі кезінде «солтүстік коэффициент» бойынша Сібірді игеруге байланысты жұмыс істейтіндерге бес жылдан кейін 70 пайыз, он жыл істесең 100 пайыз ақша қосылатын. Мұндай кезде адамның өзі де кеткісі келмейді. Материалдық  тұрғыдан жағдай жасаса, ынталандырса, баратын адамдар көп. Біз біресе оралмандар барсын дейміз. Кез келген адам «Сонда барсам, менің жағдайым жақсарады» деп қызығуы керек. Қазақ бір жерде ұйлығып отырғанды жақсы көреді. Әсіресе, оңтүстік жақтағы 7-8 баласы бар отбасы екі баласын неге солтүстікке жібермейді? Сондықтан сол жерлерді игеретіндей бағдарлама жасау күн тәртібіндегі мәселе.