Бразилияда коронавирус құрбандарының саны 75 мыңнан асып жығылды
Бразилияда коронавирус құрбандарының саны 75 мыңнан асып жығылды
Бразилияда соңғы тәулікте 41 857 адамнан коронавирус анықталды. Бір тәулік ішінде індеттен 1300 адам көз жұмды. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Елде індет құрбандарының саны 75 мыңнан асып жығылды. Коронавирустан қайтыс болғандар саны дүйсенбімен (13 шілде) салыстырғанда 1,7 пайызға артқан.
Індет таралғалы Бразилияда коронавирусқа шалдыққандар саны 1,9 миллионннан асты. Науқастардың 1,2 миллионнан астамы емделіп шыққан.
Джонс Хопкинс университетінің соңғы дерегі бойынша әлемде 13,5 миллионнан аса адамнан қатерлі вирус анықталды. Індеттен жаһанда 583 мыңнан астам науқас қайтыс болды.
3,5 миллионнан аса тұрғыны індетке шалдыққан АҚШ коронавирус жұқтырғандар саны жөнінен дүниежүзінде көш бастап тұр. Екінші орында – Бразилия. Індет жұқтырудың 936 мыңнан аса дерегі тіркелген Үндістан үшінші орынға шықты.
Айта кетейік, соңғы тәулікте Қазақстанда 1674 адамнан коронавирус анықталып, елімізде індетке шалдыққандардың жалпы саны 65 мыңнан асты. 39 мыңнан аса адам емделіп шықты. 375 науқас көз жұмды.