Дүкенге маскасыз кіргендер айыппұл арқалайды

Дүкенге маскасыз кіргендер айыппұл арқалайды

Дүкенге маскасыз кіргендер айыппұл арқалайды
ашық дереккөзі
Дәріханаға немесе дүкенге маска тақпай кіргендерге айыппұл салынады. Бұл туралы Әділет министрі Марат Бекетаев мәлімдеді. «Көшеге шығып жүгіруге, серуендеуге болады. Үш адамға дейін жүргендерге ешқандай жауапкершілік жүктелмейді. Тіпті сіз далаға маскасыз шықсаңыз да ешқандай жауапкершілікке тартылмайсыз. Алайда егер дүкенге немесе дәріханаға маскасыз кірсеңіз, жауапкершілік болады. Өйткені ол – жабық нысан», - деп түсіндірді министр. Айта кетейік, бұған дейін Марат Бекетаев карантиндік шектеулерге қарамастан той-томалақ өткізгендерге қандай жаза қолданылатынын айтқан болатын. Министрдің сөзінше, алғашқы жағдайда айыпталушыға 83 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Егер мұндай шаралар жасау барысында азаматтар жаппай вирус жұқтырса, айыппұлдың көлемі айтарлықтай көп болады. Ал оқиғаның салдары жағымсыз жағдайға апарса, қылмыстық іс қозғалуы ықтимал.