Локдаун: Аустралиялықтар алты апта бойы үйде отырады

Локдаун: Аустралиялықтар алты апта бойы үйде отырады

Локдаун: Аустралиялықтар алты апта бойы үйде отырады
ашық дереккөзі
Австралияның Мельбурн қаласында соңғы тәулікте 200-ге жуық адамнан коронавирус анықталды. Індеттің өршуіне байланысты ел билігі алты апталық локдаун енгізу туралы шешім қабылдады.   Deutsche Welle басылымының хабарлауынша, Мельбурн тұрғындары бір жарым ай бойы үйде отырмақ. Виктория провинциясының премьер-министрі Дэниел Эндрюстің сөзінше, жағдайды тұрақтандырудың басқа жолы жоқ. «Коронавирусқа байланысты дағдарыс әлі біткен жоқ. Бір тәулікте 191 адамнан коронавирус анықталуы – өте қауіпті көрсеткіш. Ешкім мұндай жағдайға тап боламыз деп ойлаған жоқ. Қабылданып отырған шаралардың салдарынан үлкен залал келетінін білемін. Бірақ бұдан басқа амал қалмады», - деді Эндрюс. Бес миллионнан аса тұрғыны бар мегаполистің барлық оқушылары қашықтан білім алуға көшеді. Мейрамханалар тек тапсырысты үйге жеткізу қызметін көрсете алады. Виктория штатының шекаралары жабылды. Аумақтағы шектеу шараларының сақталуын қадағалау үшін полиция мен әскерилер, шекарашылар және пилотсыз ұшатын құрылғылар жұмылдырылды. Пандемия басталғалы Австралияда 10,5 мың адам коронавирус жұқтырған. Індеттен 111 адам көз жұмды. Еске сала кетейік, бұған дейін Молдовада төтенше жағдай шілденің соңына дейін ұзартылғанын хабарлағанбыз.