Карантин кезінде той жасағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Карантин кезінде той жасағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады

Карантин кезінде той жасағандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады
ашық дереккөзі
Карантиндік шектеулерге қарамастан той жасағандарды қандай жаза күтіп тұр? Бұл сауалға Әділет министрі Марат Бекетаев жауап берді. «Мұндай жағдайда тиісті Заң бабына сәйкес, алғашқы жағдайда айыпталушыға 83 мың теңге көлемінде айыппұл салынады. Егер мұндай шаралардың барысында азаматтар жаппай вирус жұқтырса, айыппұлдың да көлемі айтарлықтай көп болады. Ал оқиғаның салдары жағымсыз жағдайға апарса, қылмыстық іс те қозғалуы ықтимал», - деді министр. Сондай-ақ, ведомство басшысы көктемгі карантин кезінде тәртіп бұзғандарға айыппұл салынбау себебін түсіндірді. «Тәртіп қатая түсті. Қазіргі уақытта бұл ережелер қоғамдық орындағы, жабық нысандардағы және көліктегі азаматтардың әрекетіне байланысты. «Олар өзін қалай ұстауы керек? Ережені бұзса, қалай жазаланады? Заңбұзушыға қандай әкімшілік жаза тағайындау керек?» деген сұрақтар төңірегінде пікірталас көп болды. Көктемде ҚР ӘҚБжК 476-бабы қолданылса, қазір 425-бап бойынша азаматтар жазаланып жатыр», - деді М.Бекетаев. Еске сала кетейік, Үкімет эпидемиологиялық ахуалды одан ары тұрақтандыру үшін шектеу шараларын тағы екі аптаға, 20 шілдеден бастап 2 тамызға дейін ұзарту туралы шешім қабылдады. Мемлекеттік комиссияның шешімі бойынша аталмыш мерзімге дейін елімізде ойын-сауық, спорт және басқа да бұқаралық іс-шараларды, сондай-ақ отбасылық, еске алу шараларын өткізуге тыйым салынған.