Індетпен күресіп жүріп көз жұмған жамбылдық дәрігерлер мемлекеттік наградалармен марапатталды
Індетпен күресіп жүріп көз жұмған жамбылдық дәрігерлер мемлекеттік наградалармен марапатталды
Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев марқұм дәрігерлердің отбасыларына арнайы барды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус инфекцияcымен күреске қосқан үлесі үшін жамбылдық марқұм болған дәрігерлерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалармен наградтау туралы жарлыққа қол қойған болатын.
Айталық, қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, азаматтардың денсаулығын сақтау жолындағы жанқиярлық еңбегі үшін I-дәрежелі «Барыс» орденімен марқұм, Жамбыл облыстық фтизиопульмонология орталығы бас дәрігерінің орынбасары Дәулет Арымбаев, «Барыс» екінші дәрежелі ордендерімен марқұм, «Алмаз Медикал Групп» ЖШС-нің бөлім басшысы Гүлмира Қырғызалиева мен Шү аудандық орталық ауруханасының бас дәрігері Айдар Мұқатаев марапатталды.