Жаңалықтар

Түркістан облысында дәрі-дәрмекті негізсіз қымбаттатудың 15 дерегі анықталды

ашық дереккөзі

Түркістан облысында дәрі-дәрмекті негізсіз қымбаттатудың 15 дерегі анықталды

Түркістан облысының полицейлері карантин уақытында қажетті дәрі-дәрмекті жоғары бағамен сатқан дәріхана қызметкерлері мен тұрғындарды анықтау мақсатында арнайы рейд жүргізуде. Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, тәртіп сақшылары 5 шілдеден бастап осындай 19 жайтты тіркеген. Атап айтқанда, Жетісай мен Төлеби аудандарында белгіленбеген орында дәрі-дәрмек сату бойынша 4 факті анықталған. Сондай-ақ, дәріханада қымбат бағамен дәрі-дәрмек сатудың 15 жайты тіркелген. Осы заңбұзушылықтарға қатысты хаттама толтырылып, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне 17 жайт бойынша құжаттар жолданған. Айғақ ретінде 1500-ге жуық дәрі-дәрмек пен 4982 дана бетперде, 10 дана қолғап алынған. Тәркіленген дәрілердің арасында «Цефтриаксон», «Нол Грипп», «Кетанов», «Тетрациклин», «Платимазол», «Димедрол», «Мезим», «Тайлол хот», «аскорбин қышқылы» және басқа препараттар бар.