Жаңалықтар

Жасотандықтар дәрігерлерге «Алғыс пакеттерін» үлестірді

ашық дереккөзі

Жасотандықтар дәрігерлерге «Алғыс пакеттерін» үлестірді

Коронавирусқа қарсы күрес кезінде отандық дәрігерлерді қолдау аясында жасотандықтар Нұр-сұлтан және Алматы қалаларында «Алғыс пакеттерін» тарату акциясын ұйымдастырды. Әрбір осы пакетте дәрігерлерге арналған витаминдер мен пайдалы қасиеттері бар өнімдердің оннан астам түрі салынған. Пакеттерге аталған өнімдер дәрігерлердің ұсынысы бойынша салынғанын атап өту керек. Волонтердің айтуынша, бұл акция еліміздің барлық өңірлерінде жалғасын табуда.