Америкалық компания коронавирусқа қарсы вакцинаны сынап көрді

Америкалық компания коронавирусқа қарсы вакцинаны сынап көрді

Америкалық компания коронавирусқа қарсы вакцинаны сынап көрді
ашық дереккөзі
АҚШ-тың Moderna компаниясы коронавирусқа қарсы вакцинаны клиникалық сынаудың алғашқы кезеңін аяқтады. Сынақ нәтижесінде екпе егілген адамдарда антиденелер пайда болған. Бұл туралы New England Journal of Medicine басылымы хабарлады. Басылым мәліметінше, сынаққа 18-ден 55 жасқа дейінгі дені сау 45 ерікті қатысқан. Олар 15 адамнан үш топқа бөлініп, әр топқа mRNA-1273 вакцинасы 28 күн үзіліспен әр түрлі мөлшерде 2 рет егілген. Бірінші вакциналаудан кейін зерттеуге қатысушы үш топ мүшелерінде алған вакцинаның дозасына пропорционалды антиденелер түзілген. Екінші вакцинациядан кейін антидене саны еселене түскен. Ең аз дозалы вакцина егілген еріктілердің азғасында ең көп антидене пайда болыпты. Сынаққа қатысушылардың жартысында вакцинациялаудан кейінгі кері әсерлер байқалған. Екінші екпеден соң шаршау, қалтырау, бас ауруы, бұлшықеттегі ауырсыну секілді белгілер пайда болған. Десе де,  сынақтың келесі кезеңіне көшуге кедергі келтіретін жағдайлар болмағандықтан, мамандар екпені әзірлеу жұмыстарын әрі қарай жалғастыруға дайын. Айта кетейік, бұған дейін коронавирусқа қарсы ресейлік вакцинаның клиникалық сынағы сәтті аяқталғанын хабарлағанбыз. Сеченов университетінің Трансляциялық медицина және биотехнологиялар институтының директоры Вадим Тарасов сынаққа қатысқандардың алғашқы тобы 15 шілдеде, екінші тобы 20 шілдеде ауруханадан шығарылатынын айтқан.