Сәуле Қисықова қызметінен кетті
Сәуле Қисықова қызметінен кетті
Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова қызметінен кетті.
Бұл ақпаратты басқарма өкілдері растады.
«Оның міндетін уақытша Әлия Рүстемова атқарады», - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.
Сәуле Қисықова Нұр-Сұлтан қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына тура үш жыл жетекшілік етті.
Ал Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Сәуле Қисықова Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының басшысы қызметіне тағайындалған.