Жанар-жағармай импортына салынған тыйым қыркүйекке дейін ұзартылды

Жанар-жағармай импортына салынған тыйым қыркүйекке дейін ұзартылды

Жанар-жағармай импортына салынған тыйым қыркүйекке дейін ұзартылды
ашық дереккөзі
Қазақстан жанар-жағармай материалдарының импортына салынған тыйымды ұзартып отыр. Бұл шара  уақытша әрі 2020 жылғы 1 қыркүйекке дейін күшінде болады. Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. «Ресей Федерациясынан Қазақстан Республикасына мұнай өнімдерін жеткізудің кейбір мәселелері туралы» ҚР Энергетика министрінің осы жылдың 27 наурызындағы бұйрығын уақтылы бекіту - өндірілетін және тұтынылатын мұнай өнімдерінің көлемі арасындағы ыңғайлы теңгерімді қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Сонымен қатар бүгінгі таңда ішкі нарықтағы мұнай өнімдерінің қорлары едәуір жоғары деңгейде», - делінген министрлік хабарламасында. Қосымша импорттық отын көлемі түсетін болса, бұл отандық мұнай өңдеуге кері әсер етуі мүмкін. Атап айтқанда: - қазақстандық МӨЗ-ден мұнай өнімдерін тиеп-жөнелту көлемін төмендетуі ықтимал; - зауыттық резервуарлық парктердің, сондай-ақ елдегі барлық мұнай сақтау базаларының толып кетуіне әкеледі; - соның салдарынан, мұнай өңдеуді мәжбүрлі түрде төмендетуге әкеп соғады. Бұл дизель және авиациялық отын сияқты мұнай өнімдерінің басқа да бағалы түрлерін өндіруді төмендетуге алып келеді. «Еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Энергетика министрлігі Қазақстан Республикасына теміржол, автомобиль және құбыржол көлігімен бензин, авиациялық және дизель отынын әкелуге тыйым салуды енгізуде. Бұл шара уақытша екенін, әрі 2020 жылғы 1 қыркүйекке дейін қолданылатынын атап өткен жөн», - деп қайталады министрліктен.