Ұлыбританияның премьер-министрі – Тереза Мэй

Ұлыбританияның премьер-министрі – Тереза Мэй

Ұлыбританияның премьер-министрі – Тереза Мэй
ашық дереккөзі
Сонымен, Еуроодақты екі қолымен қолдаған Дэвид Кэмерон Елизавета II ханшайым Дэвид Камеронның отставкасын қабылдағаннан кейін, Консервативті партияның лидері Тереза Мэй ресми түрде Ұлыбританияның премьер-министрі қызметіне тағайындалды. Мэй Ұлыбритания Еуроодақтан шыққаннан кейін, әділетсіздікпен күресіп, ең үздік таңдаулы ел құруға уәде берді. Ол сонымен бірге ЕО-дан шығуға дауыс беріп, бөліну алдында тұрған Англия мен Уэльстің және мүшелікті сақтап қалуға тілек білдіріп отырған Шотландия мен Солстүтік Ирландия елдерінің бірлігін сақтап қалуға тырысамын деп мәлімдеді. Мэй сонымен бірге 23 маусымнан бері Ұлыбританияда референдум өткеннен кейін тұрақсыздық күй кешіп келе жатқан қаржы нарығын қалыпқа келтіруге күш салатынын айтты. Оның министрлер кабинетінде ЕО-дан шығу жөнінде келіссөздер жүргізетін жаңа министрлік қызмет пайда болады. Еурокомиссияның төрағасы Жан-Клод Юнкер Мэйді Брюссельмен мүмкіндігінше тезірек кеңесуді бастауға шақырды. Мұның алдында жаңа премьер-министр Еуроодақты құру жөніндегі Лиссабон келісімінің 50-бабын 2017 жылға дейін шегерулері мүмкін екенін жариялаған. Ұлыбританияның ресми түрде одақтан шығу процестері екі жылдан аспауы тиіс. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тереза Мэйге оның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Премьер-министрі лауазымына тағайындалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады. Нұрсұлтан Назарбаев Тереза Мэйді Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан құттықтады және екі елдің арасында берік қарым-қатынас орнағанын атап өтті. «Ұлыбритания БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшелігіне сайлауда Қазақстанның кандидатурасын қолдағанын еліміз жоғары бағалайды. Біз екіжақты серіктестікті екі мемлекет халықтарының игілігі жолында дамыта беруге әзірміз», –  делінген жеделхатта. Елбасы соңында Т.Мэйдің жаңа қызметінде табысты болуына, ал Біріккен Корольдік халқының өркендей беруіне тілектестігін білдірді. Сондай-ақ, Президент Нұрсұлтан Назарбаев Дэвид Кэмеронға оның Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Премьер-министрі қызметінің аяқталуына байланысты жеделхат жолдады. Елбасы жеделхатта Д.Кэмеронға Астана мен Лондон арасындағы байланыстарды жан-жақты нығайтуға зор үлес қосқаны үшін алғыс білдірді. Мемлекет басшысы сондай-ақ Д.Кэмеронды 2017 жылы Астанада өтетін ЭКСПО халықаралық көрмесінің құрметті қонағы болуға шақырды.