15 Шілде, 13:11 634 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

«Дәрігерлерге мың алғыс» акциясы басталды

Алматыда «Дәрігерлерге мың алғыс» акциясы бастау алды. Акцияның мәні – 4 айға жуық уақыт бойы өз өмірін қатерге тігіп, бүгінгі қоғамның батырына айналған ақ халатты абзал жандарға жастар атынан алғыс білдіру, қолдау көрсету.

Әлемді жаулаған «COVID-19» коронавирустық инфекциясы ешкімді бей-жай қалдырмады. Осындай сын сағатта бірінші кезекте ақ халатты абзал жандар өзгелердің өмірі үшін аянбай күресуде.

Еріктілер 800-ден астам денсаулық себетін дайындады. Жиынтық иммунитетті арттыру және нығайтуға арналған өнімдерден құралған.

«Бүгінгі таңда Қазақстанда коронавирусты жұқтырғандардың саны бірнеше ондаған мың адамға жетті. Бірақ медицина қызметкерлерінің қажырлы еңбегінің арқасында көптеген адамдар аяққа тұрды. Дәрігерлер адам өмірі үшін тәулік бойы күресуде. Бұл қайырымдылық акциясымен біз дәрігерлерге жылу сыйлап, қолдау көрсетіп, бірге екендігімізді жеткізгіміз келеді», – деді ерікті Бекембай Сахи.

Акцияға Алматы қаласы бойынша коронавирустың алдын алу және болдырмау ведомствоаралық комиссия қолдау көрсетті. Акция барысында барлық сақтық шаралары ескерілді.

​Акцияның алғашқы күнінде жасотандық волонтерлер Орталық қалалық клиникалық ауруханаға, Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасына және Қалалық жұқпалы аурулардың клиникалық балалар ауруханасы баратын болады.

Соңғы жаңалықтар