БАӘ-ден келген гуманитарлық көмек аймақтарға жөнелтілуде
БАӘ-ден келген гуманитарлық көмек аймақтарға жөнелтілуде
Бүгін "Nur Otan" партиясының бақылауымен Біріккен Араб Әмірлігінен жеткен медициналық құрал-жабдықтарды қала, аудандарға бөліп жіберу жұмыстары жүргізілуде.
БАӘ-ден келген гуманитарлық көмекте медициналық маска, қолғап, қорғаныс киімі, тест сынамасы, ИВЛ аппараты т.б. Облыс әкімдігінің жанынан - депутаттар, қоғам белсенділері және журналистерден құралған арнайы бақылаушы жұмыс тобы өз қызметін атқару үстінде.
Мақсат - келген барлық затты қала, аудандардың қажеттілігіне қарай бөлінуіне жұртшылық атынан ат салысып, өз үлестерін қосу.