Ресей мен Моңғолиядағы қандастар көмек қолын созды

Ресей мен Моңғолиядағы қандастар көмек қолын созды

Ресей мен Моңғолиядағы қандастар көмек қолын созды
ашық дереккөзі
Ресей мен Моңғолиядағы қандастар Қазақстандағы жағдайға байланысты гуманитарлық көмек көрсетуде. Ресейдің Түмен аймағындағы қазақтардың ұлттық және мәдени орталығы Қазақстандағы коронавирус пандемиясының екінші толқынынан зардап шеккен ағайынға қолдау мақсатында қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Естеріңізге сала кетейік, 6 шілдеде Қазақстанға бір топ ресейлік дәрігер келіп, дәрігерлік көмек көрсеткен болатын. Ал 8 шілдеде Ресей ТЖМ арнайы басқармасы қазақстандықтарға гуманитарлық дәрі-дәрмек және медициналық бұйымдар, жеке қорғаныс құралдары жеткізді. «Түмен аймағындағы барлық ұлт өкілдері, соның ішінде бизнесмендер көптеп атсалысты. Ресей елі іргелес отырған тату көршілес ел Қазақстанға көмектесуге, адамдардың амандығын сақтауға өз үлестерін қосамыз деген шешім қабылдады. Біз қаражат жинай бастадық, сонымен бірге медициналық маскалар, бір рет қолданылатын қолғаптар және басқа қорғаныс құралдарын сатып алдық. Жақын достарымыз бен көршілерімізге көмектесу – адамдық борыш», – деді Түмен аймағындағы қазақтарының ұлттық мәдени орталығының төрағасы Есенғали Ибраев.  width= Түмен тұрғындары қазірдің өзінде 15 мыңнан астам санитарлық маска, 5 мың жұп қолғап және 300 литрден астам дезинфекциялық заттар жинаған. Келесі аптада маңызды жүк Солтүстік Қазақстан облысына жіберіледі.  width= Сонымен қатар,  Моңғолияның Бай-Өлке аймағындағы қандастар арасында да «Қазақстанға көмек «Сэтгэлийн Дэм» АЯН» (Рухани Дем) атты гуманитарлық акция ұйымдастырылуда. – Әлемді жаулаған COVID-19 барша адамзатқа ортақ тілсіз жау. Мұнынмен әлем елдері болып, бірге күресуіміз қажет. Қазір Қазақстандағы жағдайға моңғолиялықтарда да алаңдаулы. Бірінші екі еларалық дипоматиялық достық қарым-қатынастағы елдердер ретінде, киіз турлық ұлттық мәдениетері ұқсас халық ретінде де Қазақ еліндегі келеңсіз жағдайға бей-жай қарамаймыз. Екіншіден, қарға тамырлы қазақ болғандықтан Қазақстанда көптеген ағайын-туысымыз өмір сүіріп жатыр. Үшіншіден, кезінде Бай-Өлкедегі су апаты кезінде де Қазақстан өз көмегін аяған жоқ болатын. «Жақсылыққа - жақсылық парыз іс» дейтін халықпыз. Сондықтан біз  қайрымдылық акциясын ұйымдастырып жатырмыз. Бұл шараны Бай-Өлке қалалық 6-мектеп мұғалымдарі Гүлжауһар Советқызы, Дәргерхан Аятханқызы және студент Серікжан Сәуейұлы бастаған болатынбыз. Қазір бұл іске Моңғолия президентінің кеңесшісі Жандос Шәріп, Бай-Өлке аймақтың Халық партиясының басшысының орынбасары Асқар Шаймарданұлы, Әйелдер ұйымының төрайымы Нұргүл Қажымұратқызы және  Асқар Өскерхан бастаған бизнесмендер де атсалысуда. Біз жиналған көмекті тамыз айында Қазақстанға жекізуді жоспарлап отырмыз. Әзірге осындай, акция барысын алда тағы да баяндай жатармыз, –дейді акцияны ұйымдастырушылардың бірі, мұғалім Айсара Семейбай.  width=  width=

Бақытбек ҚАДЫР

Евгений БАБЕНКО