Жаңалықтар

Еуропадағы қандастар гуманитарлық көмек жолдады

ашық дереккөзі

Еуропадағы қандастар гуманитарлық көмек жолдады

14 шілде күні Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 02:30-да Түркия мен Еуропадағы қандастар бірігіп ұйымдастырған гуманитарлық көмек Қазақстанға жеткізілді.  Келген көмектің жалпы салмағы – 900 киллограмға жуық. Оның ішінде медициналық заттар (бетперде, термометр, қорғаныш костюмдері және т.б.) және өкпені жасанды желдету құрылғылары бар. Бұл медициналық жабдықтар еліміздегі медициналық орталықтарға үлестіріліп беріледі. Жүктің бір бөлігін бүгін «Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығы», «Отандастар коры» және елімізге Түркиядан арнайы келген қазақ диаспорасының өкілдері Нұр-Сұлтан қаласындағы жұқпалы аурулар орталығына тапсырды. Гуманитарлық көмектің қалған бөлігі Алматы, Шымкент және ШҚО-дағы емханаларға жеткізілетін болады.