Балабақшалар қашан ашылады – министр жауап берді
Балабақшалар қашан ашылады – министр жауап берді
Карантин режимі аяқталғанша мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істемейді. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.
«Карантин мерзімі созылғанын бәріміз білеміз. Соған сәйкес мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істемейді. Карантин уақыты аяқталғанға дейін эпидемиологиялық жағдайға байланысты шешім қабылданады. Соның ішінде мектепке дейін білім беру ұйымдарына да қатысты шешім қабылданады. Біз осы бойынша белсенді жұмыс істейтін боламыз. Бұл жерде де маңыздысы - балалардың қауіпсіздігі», - деді ведомство басшысы.
Айта кетейік, бұған дейін министр қазақстандық оқушылар бірінші тоқсанды қашықтан оқитынын айтқан болатын.
Сондай-ақ, жаңа оқу жылында колледж, жоғары оқу орындарының студенттері де көбінесе қашықтан оқу форматында оқитыны белгілі болды.