14 Шілде, 13:17 2716 0 Жаңалықтар Асыл ТҰМАР

Қашықтан сабақ беретін мұғалімдер арнайы курстан өтеді

Сыныпта сабақ беру мен қашықтан сабақ берудің айырмашылығы өте көп.

Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн өткен брифингте ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов: «Қашықтан оқыту форматында педагогтарға қойылатын бірқатар талап бар. Біріншіден, ІТ технологиясы бойынша талап. Олар ІТ технологиясы, интернет платформасы, интернет жүйесімен жұмыс істей білуі керек. Біз дайындаған біліктілікті арттыру курстарында мұғалімдерге осымен жұмыс істеуге үйретеміз», – деді.

Министр екінші мәселе сабақ беру әдістемесі, киберпедагогика, балалардың оқу үлгерімін қалай бағалау керектігі және сабақты қалай беру керектігі туралы екенін айтты.

«Сыныпта сабақ беру мен қашықтан сабақ берудің айырмашылығы өте көп. Оқу әдістемесі тұрғысынан қарағанда бұл өте маңызды процесс, сол себепті алдымызда әріптестеріміздің кәсіби біліктілігін арттыру мәселесі тұр. 20 шілдеден бастап мұғалімдер еңбек демалысынан жұмысқа шыға бастайды. Сол кезде осы курстардан өтеді», – дейді ол.

Соңғы жаңалықтар