Елімізде медициналық масканың бағасы арзандады

13 шілде, 2020 / Анар ЛЕПЕСОВА
ашық дереккөзі
Елімізде медициналық масканың бағасы арзандады Үш қабатты медициналық масканың бағасы арзандады. Бұл туралы ведомствоаралық комиссия хабарлады.  Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында еліміздегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша бірқатар маңызды шешімдер қабылданды. Соның ішінде бір рет қолданылатын үш қабатты медициналық масканың бөлшек саудадағы шекті бағасы 118 теңгеден 85 теңгеге дейін, яғни 28%-ға арзандатылды.