Әзербайжанда коронавирустан көз жұмғандар саны 306-ға жетті

Әзербайжанда коронавирустан көз жұмғандар саны 306-ға жетті

Әзербайжанда коронавирустан көз жұмғандар саны 306-ға жетті
ашық дереккөзі
Әзербайжанда соңғы тәулікте 520 адамнан коронавирус анықталып, елде індетке шалдыққандардың жалпы саны 24 мыңнан асты. Бұл туралы Әзербайжан үкіметі жанындағы жедел штаб хабарлады.  Бір тәулік ішінде елде 486 адам емделіп шыққан. Сондай-ақ, індеттен бір күнде 8 адамның көз жұмғаны хабарланды. Пандемия басталғалы Әзербайжанда 24 041 адамнан індет анықталған. Қатерлі вирустан 306 адам қайтыс болып, 15 093 адам айыққан. Бүгінгі күні ел ауруханаларында 8 642 адам ем қабылдауда. Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өткен тәулікте әлем бойынша коронавирус жұқтырғандардың рекордтық көрсеткіші тіркелгенін хабарлады. Ұйым дерегінше, 12 шілде күні әлемде 230 370 адамнан қатерлі вирус анықталды. Бір тәулікте індеттен 5 285 адам көз жұмды. Әлемде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 12 552 765 адамға жетіп отыр. Олардың басым бөлігі (6,5 млн-нан астам адам) – Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерінің тұрғындары.