13 Шілде, 18:58 439 0 Жаһан Анар ЛЕПЕСОВА

Әзербайжанда коронавирустан көз жұмғандар саны 306-ға жетті

(200321) -- WUHAN, March 21, 2020 (Xinhua) -- Medical workers work at the hemodialysis center of the nephrology department in Hankou Hospital of Wuhan, capital of central China's Hubei Province, March 21, 2020. Medics at the hemodialysis center of the nephrology department of Hankou Hospital have been sticking to their posts during the novel coronavirus epidemic outbreak. In addition to carrying out blood purification treatment for COVID-19 patients in critical conditions, they also conduct hemodialysis treatment for some 40 uremic patients recovering from COVID-19 infection every week. (Xinhua/Chen Yehua)

Әзербайжанда соңғы тәулікте 520 адамнан коронавирус анықталып, елде індетке шалдыққандардың жалпы саны 24 мыңнан асты. Бұл туралы Әзербайжан үкіметі жанындағы жедел штаб хабарлады. 

Бір тәулік ішінде елде 486 адам емделіп шыққан. Сондай-ақ, індеттен бір күнде 8 адамның көз жұмғаны хабарланды.

Пандемия басталғалы Әзербайжанда 24 041 адамнан індет анықталған. Қатерлі вирустан 306 адам қайтыс болып, 15 093 адам айыққан. Бүгінгі күні ел ауруханаларында 8 642 адам ем қабылдауда.

Айта кетейік, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өткен тәулікте әлем бойынша коронавирус жұқтырғандардың рекордтық көрсеткіші тіркелгенін хабарлады.

Ұйым дерегінше, 12 шілде күні әлемде 230 370 адамнан қатерлі вирус анықталды. Бір тәулікте індеттен 5 285 адам көз жұмды. Әлемде коронавирус жұқтырғандардың жалпы саны 12 552 765 адамға жетіп отыр. Олардың басым бөлігі (6,5 млн-нан астам адам) – Солтүстік және Оңтүстік Америка елдерінің тұрғындары.

Соңғы жаңалықтар