Жаңалықтар

Журналист Мира Құдабаеваның жақындарына көңіл айтты

ашық дереккөзі

Журналист Мира Құдабаеваның жақындарына көңіл айтты

Танымал журналист, «Литер» республикалық қоғамдық-саяси газетінің шолушысы Мира Құдабаеваның өмірден өтуіне байланысты «Nur Otan» партиясы Орталық аппараты мен «NUR Media» холдингінің ұжымы оның отбасына көңіл айтты.

«Nur Otan» партиясы Орталық аппараты «Литер» газетінің шолушысы Мира Төлеуханқызы Құдабаева-Мұстафинаның мезгілсіз қайтыс болуына орай оның туған-туыстарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. «NUR Media» холдингі «Литер» газетінің шолушысы Мира Төлеуханқызы Құдабаева-Мұстафинаның мезгілсіз қайтыс болуына орай оның туған-туыстарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады. «Мира газеттің жаны, күш-қуаты еді. Оның таланты бәріне жететін. Ол жазбаған тақырып жоқ. Ол нағыз дос және жүрегі ақ жан еді. Бұл қаза бүкіл ұжымның қабырғасын қайыстырды», - деді «Айқын-Литер» ЖШС директоры — «Литер» газетінің бас редакторы Нұрай Оразов.