Молдовада төтенше жағдай шілденің соңына дейін ұзартылды

Молдовада төтенше жағдай шілденің соңына дейін ұзартылды

Молдовада төтенше жағдай шілденің соңына дейін ұзартылды
ашық дереккөзі
Молдова аумағында төтенше жағдай 31 шілдеге дейін ұзартылды. Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау төтенше комиссиясының бүгінгі отырысында осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды МОЛДПРЕС Комиссия басшысы премьер-министр Ион Кикудың айтуынша, мұндай шешім елдегі эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыру үшін қабылданып отыр. Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы төтенше жағдай ұзартылып қана қоймай, кейбір шектеулер сақталады: шетелдіктердің Молдова Республикасына келуіне, шаралар өткізуге, мектепке дейінгі мекемелер қызметіне, демалыс лагерьлеріне, түнгі клубтарға, саябақтарға, демалыс аймақтарына және т.б. Соған қарамастан, 16 шілдеден бастап оңалту орталықтары, соның ішінде курорттық-шипажай мекемелерінің қызметі кезең-кезеңімен қайта жанданбақ. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы тәулікте Молдова Республикасында 258 адамнан жаңа коронавирус анықталған. Мемлекетте қатерлі вирус жұқтырғандардың жалпы саны 18 924 адамға жетті. Айта кетейік, бұған дейін Бразилияда бір тәулік ішінде 39 мың адамнан коронавирус анықталып,  індет жұқтырғандардың жалпы саны 1,8 миллионға жеткенін хабарлағанбыз. Елде індет құрбандарының саны 71 мыңнан асты. Ал АҚШ-та алдағы 2-3 аптада өлім-жітім көрсеткіші арта түседі деп болжануда. Елдің денсаулық сақтау министрінің көмекшісі Бретт Жируардың айтуынша,  күзде індеттің екінші толқынының басталу ықтималдығы жоғары. Өйткені вирус тұрғындардың 90 пайызын әлі шарпып үлгермеген.