Қарағанды облысында дүлей дауылдан 19 жастағы бойжеткен мерт болды
Қарағанды облысында дүлей дауылдан 19 жастағы бойжеткен мерт болды
Қарағанды облысында болған дүлей дауыл бір адам өмірін жалмады.
19 жастағы бойжеткен жел соққан кезде облыс орталығынан 50 шақырым қашықтықтағы Топар су қоймасында жүзіп жүрген. Жергілікті төтенше жағдайлар департаментінің мамандары бірнеше сағаттан кейін марқұмның денесін судан алып шыққан. Тағы бір тұрғынның үстінен шатырдың бөлшегі түсіп, жарақат алды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Еске сала кетейік, кеше Қарағандыда кенеттен дауыл соқты. Жел жылдамдығы секундына 21 метрге жеткен. 16 ғимараттың шатыры ұшты. Бірнеше аудан жарықсыз қалды. Желдің екпінінен жол жиегіндегі теректерді тамырымен қопарылған. Қазір электр жарығы қосылды. Коммуналдық қызметтер мен апаттық бригадалар дауылдың салдарын жоюмен айналысып жатыр.