Атамбаевтың табысы 1 миллионнан асады

Атамбаевтың табысы 1 миллионнан асады

Атамбаевтың табысы 1 миллионнан асады
ашық дереккөзі
2015 жылдың қорытындысы бойынша, Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев 1 млн. 298 мың 448 сом табыс тапқан. Одан бөлек, А.Атамбаевтың сенімгерлікпен басқаруға берілген 27 мың шаршы метр құрылысы және 64 мың шаршы метр жерде көпжылдық көшеттері бар. «Шығындар» бөлімінде мемлекет басшысының өз жинағынан 34 миллион сомды жұмсағаны көрсетілген.  Не себепті жұмсалғаны декларацияда айтылмаған. Президенттің жұбайы Раиса Атамбаеваның өткен жылғы кіріс көлемі негізгі жұмысынан 182 мың сом және салым пайызы есебінде 112 мың доллар болған. Президент әйелінің иелігінде екі пәтер бар.