Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды

13 шілде, 2020 / Анар ЛЕПЕСОВА
ашық дереккөзі
Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде еңбегі сіңген бірқатар медицина қызметкерлерін арнайы наградалармен марапаттау туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты. Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, қызметтік борышын атқару үстінде көрсеткен жанқиярлығы үшін:

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері»

атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі –

Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:

Исаев Олег Николаевич (марқұм)

–

Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы жанындағы «Көкшетау қалалық көпбейінді ауруханасы» МКК бөлімше меңгерушісі
Қозбағаров Қалихан Есбосынұлы (марқұм)

–

«Облыстық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы» МКК бас дәрігері, Ақтөбе облысы.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.   Қазақстан Республикасының    Президенті  Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2020 жылғы 13 шілде № 370