Бәріміз ұлы мұрат жолында жұмылуымыз қажет – Димаш Құдайберген

Бәріміз ұлы мұрат жолында жұмылуымыз қажет – Димаш Құдайберген

Бәріміз ұлы мұрат жолында жұмылуымыз қажет – Димаш Құдайберген
ашық дереккөзі
Қазақтың әлемді мойындатқан әншісі Димаш Құдайберген Жалпыұлттық аза тұту күніне орай әлеуметтік желіде пікір білдіріп, қазақстандықтарды ұлы мұрат жолында жұмылуға үндеді.  «Өкінішке қарай, күллі әлемді шарпыған пандемия Қазақстанды да айналып өтпеді. Қаншама отбасы қара жамылды. Күн сайын мен танитын, танымайтын қаншама адам өмірден өтіп жатыр. Бұл неткен қасірет еді... Қазір жүрегі бар адамның тыныш ұйықтауы мүмкін емес...» - деп жазды әнші. Димаш әрбір адамның өмірі үшін күресу маңызды екенін айтты. «Бүгін - Аза тұту күні! Осы індеттің кесірінен қайтыс болған барлық адамды жаратушы иеміз панасына алғай! Марқұмдардың туған-туыстарына сабыр тілеймін. Біз оларды, мына қаралы күндерді ешқашан ұмытпаймыз. Қазіргі міндет – ауырып жатқандарды аман алып қалу. Әрбір адам үшін күресуіміз керек. Бәріміз осы ұлы мұрат жолында жұмылуымыз қажет. Тезірек індет аяқталып, мамыражай күндеріміз қайта келеді деп сенемін. Ендігі жерде Көк Байрағымыз еңкеймегей!» - дейді әнші. Еске сала кетейік, бүгін елімізде коронавирус пандемиясының құрбаны болған азаматтарды еске алуға байланысты  Жалпыұлттық аза тұту күні. Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 12:00-де бүкіл ел бойынша бір минуттық үнсіздік жарияланады. Бұған дейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев індеттен көз жұмғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтқанын хабарлағанбыз.