Кәмшат Шинтекова: Өмірден өткендері еске алу арқылы сабақ алумыз қажет
Кәмшат Шинтекова: Өмірден өткендері еске алу арқылы сабақ алумыз қажет
Кәмшат ШИНТЕКОВА, заңгер, «КЕШ» құқық қорғау орталығының директоры:
– Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев елге үндеу жасап халыққа үлкен күш-жігер, дем берді. Бұл қазіргі уақытта үкімет тарапынан халыққа жақындығын айқындатып қана қоймай, халық арасындағы үрейді басты. Президентіміз маңызды дәрі-дәрмек мәселесінің шешілу жолдарын, халықтың денсаулығын сақтау үшін қосымша қомақты қаражат бөлгенін, әрі 13 шілде індеттен қайтыс болған адамдарды еске алуға бағыталған іс шараларды атап өтті. Біз өмірден өткендері еске алу арқылы, сабақ аламыз деп олаймын. Сонымен қатар елдің дүрлігуге және уайым қайғыға салынбауға шақырды. Әрине, халық болып өткендегі қисынсыз отшашуға қатысты Президентіміздің ойын әрі отшашуға жол берген азаматтардың жауапкершілікке тарту бойынша да пікірін күттім. Кешегі бөлінген қаражаттың қатаң бақыланып сарыпталуын әрі адамдардың өмірі үшін соңына дейін күрескен адамдарды аман алып қалуды медицина қызметкерлерінен талап ететін кез келді. Біздің медицина 21-ғасырда бай-қуатты болуға бүткіл мүмкіндік бар екенін ұмытпайық.
Заңгер ретінде дәрі-дәрмекті делдалдықпен қымбат сатқандардың алдын алуды, провокацияға жол берілмеуге және адам өміріне қауіпті түрлі қауесеттер таратып ел сеніміне селкеу түсіргендерді тоқтату шараларын қалға алуы қажет екенін атап өткім келеді.