Бүгін – елімізде жалпыұлттық аза тұту күні
Бүгін – елімізде жалпыұлттық аза тұту күні
Бүгін – Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні. Осыған орай мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдары, шекаралық дипломатиялық мекемелер ғимаратындағы Мемлекеттік Ту төмен түсіріледі.
Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12:00-де коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланады.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан президенті 13 шілдені коронавирус ауруынан қайтыс болғандар үшін ұлттық аза күту күні деп жариялаған болатын.
"Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.