Қостанайда провизорлық госпиталь ашылды

Қостанайдағы «Достық» сауықтыру кешені провизорлық госпиталь ретінде жұмысын бастады. 

Өңірде прозиворлық төсек-орындардың жетіспеуіне байланысты сауықтыру кешенін ауруханаға айналдыру туралы шешім қабылданған.

«Қазір бұл стационарға 100 төсек-орын қойылып, оттегі және қажетті құрылғылар мен медициналық жабдықтар, дәрі-дәрмектер жеткізілді. Жалпы облыста 460 төсек-орынға сұраныс бар. Жаңа госпиталь 11 шілде күні кешкі сағат 20.00-де алғашқы науқастарды қабылдады. Бұл провизорлық стационардың жұмысын облыстық аурухана реттеп отырады», – дейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ксения Жилкибаева.

Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, жаңа стационар медицина мамандарымен толық қамтылған. Бұл – Қостанай қаласындағы үшінші провизорлық стационар.

Айта кетейік, бүгінде Қостанай облысында 1556 адам коронавирус жұқтырған. Өңірде індеттен 3 адам көз жұмды.

Ал республика бойынша қатерлі індетке шалдыққандар саны 58 мыңнан асты. Індеттен 33 мыңнан аса адам емделіп шықты. Дерті асқынған 264 отандасымыз қайтыс болды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button