12 Шілде, 17:56 753 0 Жаңалықтар Анар ЛЕПЕСОВА

«Жалпыұлттық азалы үнсіздік» шарасы тікелей эфирде көрсетіледі

Аза тұту күнінде «Хабар агенттігі» АҚ мен «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты теле,-радиоарналар эфир кестесін толықтай өзгертеді.

Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі хабарлады.

Жалпыұлттық аза тұту күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 12:00-де коронавирус індетінен қайтыс болған азаматтарды еске алу үшін бір минуттық үнсіздік жарияланады.

«Жалпыұлттық азалы үнсіздік» шарасын Qazaqstan ұлттық арнасы 11:55-тен бастап тікелей эфирде көрсетеді.

Аза тұту күнінде «Хабар агенттігі» АҚ мен «Қазақстан» телерадиокорпорациясына қарасты теле,-радиоарналар эфир кестесін толықтай өзгертеді. Барлық ойын-сауықтық бағдарламалар алынып, жарнамалық контент толығымен тоқтатылады. Бұрынғы кестеден тек ақпараттық бағдарламалар ғана эфирге шығады.

 

Соңғы жаңалықтар