COVID-19: Бельгия індеттің екінші толқынына дайындалуда

COVID-19: Бельгия індеттің екінші толқынына дайындалуда

COVID-19: Бельгия індеттің екінші толқынына дайындалуда
ашық дереккөзі
Бельгияда шектеу шаралары күшейтілді. Бұрын ел тұрғындары масканы тек қоғамдық көліктерде киюге міндеттелсе, бұдан былай әлеуметтік қашықтықты сақтау қиындық тудыратын барлық жабық ғимараттарда тағуы тиіс. Атап айтқанда, дүкендер, кинотеатрлар және  кітапханаларға бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Ел үкіметі бекіткен талаптарды орындамаған азаматтарға 250 еуро, ал кәсіпорындарға 750 еуро айыппұл салынады. Талап бұзу деректері бірнеше мәрте қайталанған жағдайда дүкендер жабылуы мүмкін. Бүгінде өлім-жітім саны бойынша Бельгия әлем елдері арасында көш бастап тұр. Қайтыс болғандардың 40 пайызға жуығы COVID-19-ға тест тапсырмаған. Алайда мамандар оларды коронавирустан көз жұмды деген болжам жасап отыр. «Біз ауруларды бақылау және алдын алу бойынша Еуропа орталығының ұсыныстарын орындадық. Яғни расталған ғана емес, сонымен бірге барлық күдікті жағдайлар туралы да хабарланды. Қарттар үйіндегі көптеген науқас жасы келгендіктен көз жұмды ма, жүрегі, өкпесі ауырды ма, әлде COVID-19 болды ма? Ол жағы белгісіз. Коронавирустан қайтыс болуы да мүмкін. Себебі олардың дені тыныс алу жолдарына шағымданған», - дейді Бельгияның денсаулық сақтау министрі Мэгги Де Блок. Ақ халаттылар жергілікті халық жазғы демалыстан оралған сәтте індеттің екінші толқыны бастала ма деп қауіптенеді. Себебі Бельгия шекараларын ашқан көптеген елде эпидемиологиялық жағдай көңіл көншітпейді. Елге «қызыл аймақтан» оралған бельгиялықтар екі апталық карантинді сақтауы шарт. Айта кетейік, бұған дейін Өзбекстанда карантин күшейтілетінін хабарлағанбыз. Елде 18-19 шілде және 25-26 шілде (сенбі және жексенбі) күндері көлік құралдарының, соның ішінде такси қызметтерінің қозғалысы толығымен тоқтайды.