Жаңалықтар

АҚШ-қа қашып кеткен қытайлық вирусолог коронавирус жайлы шындықты жайып салды

ашық дереккөзі

АҚШ-қа қашып кеткен қытайлық вирусолог коронавирус жайлы шындықты жайып салды

АҚШ-қа қашып кеткен гонконгтық вирусолог Ли-Мэн Янь Fox News-қа берген сұхбатында Қытай билігінің коронавирустың қаупі жайлы шындықты жасырғанын жайып салды. Ақ халаттының пікірінше, Қытай билігі коронавирустың жаңа түрі жайлы көпшілікке мәлімденген уақыттан анағұрлым ертерек  білген. Яньнің сөзіне сүйенсек, басшылары оның пандемия алғаш басталған кезде жүргізген зерттеулерін көзге ілмеген. «Бұл зерттеулер көптеген адамның өмірін құтқарып қалар еді», – дейді вирусолог. Ли-Мэн Яньнің айтуынша, оның достарының бірі, Қытайдағы Аурулардың алдын алу және бақылау жөніндегі орталықтың ғалымы коронавирустың адамнан адамға жұғатынын Қытай немесе Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы таралудың мұндай түрін ресми түрде мойындағаннан әлдеқашан ерте анықтаған.  «Ол өз ізденістерінің нәтижесі жайлы ғылыми жетекшімізге айтқан. Алайда ол басын изеді де қойды. Бұған дейін вирус жайлы ашық талқылап жүрген дәрігерлер мен зерттеушілер аяқ астынан үндемей қалды. Олар: «Біз бұл туралы айта алмаймыз, бірақ бетперде киіп жүруіміз керек» деді», – дейді АҚШ-қа қашқан маман. Ли-Мэн Янь қызмет еткен Гонконг универитеті бұрынғы қызметкерінің парақшасын университет сайтынан алып тастапты. Қытай елшілігіндегілер «мұнай адам жайлы ешқашан естімегендерін» айтып, ол жариялаған деректердің барлығын теріске шығарды.