Матаевтың адвокаттары тергеушілерге өкпелі

Матаевтың адвокаттары тергеушілерге өкпелі

Матаевтың адвокаттары тергеушілерге өкпелі
ашық дереккөзі
Алматыда өткен баспасөз мәслихатында Матаевтың адвокаттары тергеудің істі қайта қараудан және қосымша сот-экономикалық сараптама тағайындаудан бас тартқанын хабарлады. Шағымда адвокаттар іс материалдарына бухгалтерия және салық құжаттамаларын қосуды өтінген. Қорғаушылардың пікірінше, қосымша құжаттар Сейітқазы және Әсет Матаевтардың кінәлі еместігін дәлелдеу үшін қажет. Матаевтардың қорғаушысы Андрей Петровтың айтуынша, тергеушілер "жетіспей тұрған құжаттарды қалпына келтірген" деген уәжбен бұл құжаттарды қоспай отыр. Петровтың пікірінше, бес жылдың қаржы және есеп құжаттарын үш айда қайта қалпына келтіру мүмкін емес, екі жылдың құжаттарын қайтадан жасатуға кем дегенде сегіз ай уақыт қажет. Мемлекет қаражатын жымқырды, жалған кәсіпкерлікпен айналысып, салық төлеуден жалтарды деген айыптар тағылып, үй қамаққа алынған Қазақстан журналистер Одағының төрағасы, Ұлттық баспасөз клубының басшысы Сейітқазы Матаевқа тағылған айыптар алаяқтық және салық төлеуден жалтару баптарына ауыстырылған. «Бізде алға жылжу бар. Сансыз өтініштер, шағымдар нәтижесінде Әсет және Сейітқазы Матаевтардың және мемлекеттік қызметшілердің әрекеттері басқа бапқа ауыстырылды. Бұл – аз да болса алға жылжу. Баптар біршама жұмсарған, бірақ, қорғауымдағылар өздерін мүлде кінәсіз санайтындықтан бұл әлі ештеңе де емес», –  дейді адвокат Мәдина Бакиева. Сонымен С. Матаевқа қазір 1997 жылғы Қылмыстық кодекстің 177-бабы, 4-бөлімі, «б» тармағы бойынша – «Алаяқтық, яғни бөтеннің мүлкін ұрлау немесе алдау, сенімін пайдалану арқылы бөтеннің аса ірі көлемдегі мүлкін тонау», 245-бап, 3-бөлім бойынша «Міндетті декларация тапсырудан бас тарту арқылы аса ірі көлемде салық төлеуден жалтару», 190-бап, 4-бөлім, 2-тармақ бойынша «Алаяқтық, қызметтік  жағдайын пайдалана отырып  жасалған, алдау және сенімді пайдалану арқылы мемлекеттік сатып алулар саласында ірі көлемдегі тонау әрекеті» деген айыптар тағылса, соңғы бап бойынша С. Матаевтың ұлы, «КазТАГ» ЖШС басшысы Әсет Матаевта жауапқа тартылғаны белгілі.