Жаңалықтар

Елордада 1 тамызға дейін бірнеше көше жабылады

ашық дереккөзі

Елордада 1 тамызға дейін бірнеше көше жабылады

Елорда тұрғындары мен қонақтары өз бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты. Жол жөндеу үшін бірқатар учаскелерде жұмыстар жүргізу және оларды ішінара жабу жоспарлануда, деп хабарлайды қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы. Атап айтқанда, 14 шілде мен 1 тамыз аралығында Амман көшесі бойынша Шарль де Голль көшесінен Ж. Тәшенов көшесіне дейінгі учаскеде, Шарль де Голль көшесі бойымен Амман көшесінен А. Тоқпанов көшесіне дейінгі учаскеде жұмыстар жүргізілетін болады. 11-25 шілде аралығында Бейбітшілік көшесі бойынша Есенберлин көшесінен Бөгенбай даңғылына дейінгі учаскеде жөндеу жүргізіледі. Сонымен қатар қаланың 9 тұрғын алабында жұмыстар жүргізуге қаржы бөлінген: Оңтүстік-Шығыс тұрғын алабы (оң жағы) 1) Арганаты көшесі, Келес көшесінен Қалба көшесіне дейін 2) Келес көшесі, Ақыртас көшесінен Қалба көшесіне дейін 2) Сайрам көшесі,Балқантау көшесінен Таскескен көшесіне дейін Промышленный тұрғын алабы 1) Қапал көшесі,Төлебаев көшесінің соңына дейін Агроқалашық тұрғын алабы 1) Тайсойған көшесі, Жалын көшесінен Суворов көшесіне дейін 2) Атакент көшесі, Шубин көшесінен Тамшалы көшесіне дейін 3) Проезд №52 көшесі, Оқжетпес көшесінің соңына дейін 4) Бесағаш көшесі, Проезд №52 көшесінен Оқжетпес көшесіне дейін 5) Қашаған көшесі, Жәлил көшесінен Шыршық көшесіне дейін Өндіріс тұрғын алабы 1) Ақшағыл көшесі, Кеншілер көшесінің соңына дейін 2) Мусорский көшесі, Киелісай көшесінің соңына дейін 3) Киелісай көшесі, Саржайлау көшесінен Мусорский және Бестау көшесіне дейін 4) Бестау көшесі, Киелісай көшесінен С. Әлиұлы көшесіне дейін 5) Кеншілер көшесі, Кеншілер көшесінен Ақшағыл көшесіне дейін Көктал-1 тұрғын алабы 1) Басықара батыр көшесі, Таңжарық көшесінің соңына дейін 2) Сонар көшесі А. Үлімжіұлы көшесінен Кербезқыз көшесіне дейін 3) Сырғалы көшесі, А. Үлімжіұлы көшесінен Кербезқыз көшесіне дейін 4) Кербезқыз көшесінің соңына дейін 5) А. Үлімжіұлы көшесі, Кенжин көшесінің соңына дейін Кирпичный тұрғын алабы 1) Арқалық көшесі, Ойыл көшесінен солтүстік айналма жолға дейін 2) Көксеңгір көшесінен Көкбастау көшесіне дейін 3) Жасылот көшесі, Көксеңгір көшесіне дейін Ақбұлақ тұрғын алабы (Энергетиктер) 1) Әлқиса көшесі, А. Тоқпанов көшесінен Амман көшесіне дейін. «Елорда тұрғындары мен қонақтары көлік кептелісін болдырмау үшін өз бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарына түсіністікпен қарауды өтінеміз», - деді басқарма өкілдері.