Кәсіпкер 5 жасанды тыныс алу аппаратын сыйлады

Кәсіпкер 5 жасанды тыныс алу аппаратын сыйлады

Кәсіпкер 5 жасанды тыныс алу аппаратын сыйлады
ашық дереккөзі
Түркістан облысы Қазығұрт ауданында жергілікті кәсіпкер Ерлан Досанбаев аудандық орталық ауруханаға 5 дана оттегі концентраторын тарту етті. «Індеттің таралуына байланысты елдегі ахуал күрделеніп отыр. Науқастар ауруханаға көп келуде. Дәрігерлер күні-түні аянбай еңбек етіп жатыр. Құрылғының мүмкіндігі зор. Енді дәрігерлер емделушілерге оттегі концентраторының көмегімен уақытылы жәрдем көрсете алады» – деп аудандық аурухананың бас дәрігері Б.Ережепов қол ұшын созып жатқан кәсіпкерге өз ризашылығын білдірді.