10 Шілде, 22:33 977 0 Денсаулық Анар ЛЕПЕСОВА

Қасым-Жомарт Тоқаев МӘМС қорының басшылығына кімді қою керек екенін айтты

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басшылығына іскер адамды қою керек. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты. 

«Кейінгі кезде Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының айналасында әртүрлі әңгіме өршіп кетті. Меніңше оның басшылығына іскер әрі жауаптырақ адамды қою керек. Ол қордың айналасында ешқандай сыбыс пен әңгіме шықпауы тиіс. Айналып келіп осындай әңгіменің шығуына өзіміз себепкер болып отырмыз. Үкімет тарапынан қордың жұмысына талдау жүргізіліп, ол қаншалықты тиімді әрі сәтті деген сұрақ зерттелуі тиіс», - деді Президент.

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев МӘМС қоры мен «СК Фармация» басшыларын жұмыстан шығаруды тапсырғанын хабарлағанбыз.

«Туындаған қиындыққа кінәлілердің бәріне қатысты тергеу жүргізу керек. Жауапкершілікке тартқан дұрыс. МӘМС қоры мен «СК Фармация» басшылары жұмыстан шығарылсын. Керек болса тергеу жүргізген жөн», – деді Мемлекет басшысы Үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президенттің жиында сөйлеген сөзінің толық мәтінін мына сілтеме арқылы оқуға болады.

 

Соңғы жаңалықтар