«Nur Otan» партиясы көпбейінді ауруханаға оттегі концентраторын табыс етті
«Nur Otan» партиясы және оның мүшелері атынан Батыс Қазақстан облыстық көпбейінді аурухана жанында құрылып жатқан провизорлық орталыққа жалпы соммасы 5 миллион 600 мың теңгені құрайтын 4 дана оттегі концентраторы және арнайы бетперделер (респиратор) табыс етілді.
Бұған қоса Ақсай қаласына – 1, Сырым ауданына – 1 және Жәнібек ауданына 1 оттегі концентраторлары жөнелтілді.