Әлеуметтік маңызы бар 24 қызметті онлайн алуға болады

Әлеуметтік маңызы бар 24 қызметті онлайн алуға болады

Әлеуметтік маңызы бар 24 қызметті онлайн алуға болады
ашық дереккөзі
Енді қазақстандықтар әлеуметтік маңызы бар 24 қызметті онлайн алады, олардың басым бөлігі ел тұрғындарына жәрдемақы немесе әлеуметтік көмек тағайындау «электрондық үкімет» порталында қолжетімді болмақ. «Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдаудың маңыздылығын назарға ала отырып, қазіргі жағдайды ескере отырып, азаматтарға әлеуметтік көмек көрсетуге бағытталған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 24 көрсетілетін қызметін онлайн форматқа қайтару туралы шешім қабылданды. Енді осы көрсетілетін қызметтердің барлығын үйден шықпай-ақ алуға болады», – деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма төрағасы Әсет Тұрысов. «Электрондық өтініштер» сервисінің көмегімен: бала жасынан бірінші топтағы мүгедекке күтім жасау бойынша жәрдемақы тағайындау, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау, мүгедектерге протездік-ортопедиялық көмек ұсыну үшін құжаттарды ресімдеу, Мүгедектерге кресло-арбалар беру, көп балалы отбасыларға мемлекеттік жәрдемақы тағайындау және т.б. сынды қызметтерді алуға болады. Көрсетілетін қызметтерді мына сілтеме бойынша алуға болады: https://egov.kz/cms/ru/services/citizen_and_the_government/e_app