13 шілде Ұлттық аза тұту күні деп жарияланды

13 шілде Ұлттық аза тұту күні деп жарияланды

13 шілде Ұлттық аза тұту күні деп жарияланды
ашық дереккөзі
13 шілде Ұлттық аза тұту күні деп жарияланды. Бұл туралы республикалық телеарналар арқылы елімізде қалыптасқан ахуалға байланысты үндеу жасаған ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді. "Әр қазақ менің жалғызым" дегендей, әрбір азаматымыздың қазасы менің жүрегіме қатты батады. Мынау алапат індет арамыздан талай асылдарымызды жұлып әкетуде. Бүгінде қара жамылып отырған азаматтардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Сол үшін 13 шілдені ұлттық аза тұту күні деп жариялаймын", - деді Президент.