Жаңалықтар

Алматыдағы Орталық дәріхана директоры: Кезектер бізде бұрыннан болатын

ашық дереккөзі

Алматыдағы Орталық дәріхана директоры: Кезектер бізде бұрыннан болатын

Алматыдағы №2 Орталық дәріхананың жетекшісі Айгүл Тілеубердина келушілер саны үнемі көп болғанын, препараттар мен дәрілерді алу үшін адамдардың көп келетінін айтты. Назарбаев даңғылы мен Гоголь көшесінің қиылысында орналасқан Орталық дәріхана қаладағы ең үлкені. Дәріханада рецептуралық және рецептсіз дәрілік құралдарды, сонымен бірге медициналық құралдарды сататын көптеген бөлімдер бар. «Бізде тек парацетамол мен аспиринді ғана сатып алмайды. Біздегі ассортимент толық. Кезек бізде бұрыннан болатын. Жай кездің өзінде бізде кезектер. Бұл қалыпты. Мұндай жағдайда біз бәрін дәріханаға кіргізе алмаймыз. Белгілі қашықтық сақтаймыз. Бізде төрт терезе жұмыс істейді, әрқайсысына 5 адамнан тұрады.  Енді санай беріңіздер, оны беске көбейтсек 20 адам болады.  балалы келушілер болса, онда біз оларды кезексіз кіргіземіз», - деп түсіндірді А.Тілеубердина. Оның айтуынша, тауарлардың дәріханада бар-жоқтығы жеткізушілерге байланысты. Бүгінгі таңда парацетамол, азитромицин және басқа да жоғары сұранысқа препараттарға қатысты проблема жоқ.