Жаңалықтар

42 500 теңге алғандар несие ала алмай жүр – Вице-министр жағдайды түсіндірді

ашық дереккөзі

42 500 теңге алғандар несие ала алмай жүр – Вице-министр жағдайды түсіндірді

Қаржы вице-министрі Берік Шолпанқұлов 42 500 теңгені алғаннан кейін банктерден кредит ала алмай жүрген қазақстандықтарға кеңес берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  "Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қабылдаған нормативтік-құқықтық актіге сәйкес, 42 500 теңгенің төлемдері мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленді және адамның кредиттік тарихын бұзуға негіз бола алмайды. Сондықтан банк осы себепке байланысты кредит беруден бас тартса, кез келген адам құзіретті органға шағым түсіре алады", - деді Шолпанқұлов бүгінгі онлайн брифингте. Айта кетейік, төтенше жағдай кезінде жұмыссыз қалған азаматтарға 42 500 теңгеден берілген болатын. Сол кезде 8 миллионнан астам адам өтініш жолдаған. Олардың ішінде 4 миллион 607 мың адам төлемді алды. Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан барлығы 322 миллиард теңге бөлінген болатын. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетовтың айтуынша, қордың қаржылық мүмкіндігі шектеулі. Сондықтан екі апталық карантин кезінде 42 500 теңгені төлеу жоспары жоқ.